28.11.2022, 9:46
Оқылды: 69

Темірланға темір тұлпар

Түркістан облысының Ордабасы ауданында қазақ күресінен Азия кубогі өтті. Қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирде еліміздің барлық өңірінің  және  Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қытай елінің палуандары күш сынасты.

IMG-20221128-WA0007

Сайдың тасындай іріктелген білекті де жүректі жігіттер белдесуіне 300-ден астам палуан қатысты. «Түйе палуандар» сайысына автокөлік тігілді. Салмағы 90 келіден асатын палуандар күресінде қарсыластарын қоғадай жапырған жерлесіміз Темірлан Көлбай жеңіске жетті.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале