18.05.2022, 15:30
Оқылды: 99

Теміржол билеттерінің 70 пайызы онлайн сатып алынады

Бүгінгі таңда қазақстандықтар теміржол билеттерінің 70 пайызын интернет арқылы сатып алады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

23

Жол жүру құжаттарының онлайн сатылымы, әсіресе карантиндік шектеулер алынып тасталғаннан кейін айтарлықтай өскен.

«2019 жылғы шілде айынан бастап ұлттық тасымалдаушы компания теміржол билеттерін сатуды толығымен «Мобиус» электронды жүйесіне ауыстырды. Бұл бастама өз кезегінде өткізу арналарын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беріп, азаматтар үшін билеттерді сатып алу шарттарын жақсартуға әсер етті», - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Қазір теміржол билеттері «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на тиесілі 164 касса, 3 мың касса агенттігі мен пошта бөлімшесі, 15 интернет сайт пен мобильдік қосымша (оның ішінде bilet.railways.kz сайты мен «ҚТЖ билеттері» мобильдік қосымшасы) және 30 мың өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы сатылады.

2022 жылдың алғашқы төрт айында «Күту парағы» қызметі арқылы 18 мыңнан астам билет рәсімделген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 есе көп.

Айта кетсек, 23 мамырда еліміздің өңірлеріндегі шалғай жатқан станциялар мен разъез тұрғындарына медициналық қызмет көрсету үшін арнайы пойыздар жолға шығады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале