23.01.2025, 17:15
Оқылды: 57

Теңге қымбаттап, доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта ұлттық валюта бағамы нығайып, доллар күрт арзандап кетті. 22 қаңтардағы сауда қорытындысы бойынша USD/KZT жұбының орташа бағамы 1 АҚШ доллары үшін 520,88 теңгені құрады. Ал бүгінгі баға 1 доллар үшін 519-524 теңге, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025_01_23_billie-dollar-money-background_1150-741

Сурет: Egemen.kz.

Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 522-526 теңге аралығында сатылып жатыр. Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 520,91 теңгені құрап, бірден 6,16 теңгеге төмендеді. Юань бағамы таңғы сауда-саттық нәтижесінде 71,56 теңгеге дейін төмендеді (-1,13). Ақша айырбастау орындарында долларды 521,5-524,9 теңгеге, еуроны – 542,5-547,5 теңгеге, ал рубльді – 5,15-5,27 теңгеге сатып алып/сатуда.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 530 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 532,5 теңге. Еуро 546 – 549 теңге аралығында құбылып тұр. Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 531 теңге, сатып алу құны – 533 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 550 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07 - 5,17 аралығында саудаланып жатыр.

Tengenomika Telegram арнасының авторы Ғалымжан Айтқазиннің айтуынша, теңгенің күрт күш алуына Ресей рублінің бағамы әсер етті. Рубльдің нығаюына Трамптың қызметіне кірісуі, Украинадағы соғысқа қатысты келіссөздердің басталуы, сонымен қатар Ресей бюджетінің өткен айда қомақты кіріс алуы әсер еткен. Бұл ретте сарапшы теңге тағы да рубль бағамы нығайған соң, күш алды деп тұжырымдайды.

«Осылайша, теңгенің рубльге қатысты кезекті синхронды қозғалысы KASE биржасындағы нарық қатысушыларының бағытын тағы да растап отыр. Қызығы, соңғы күндері мұнай бағасы біршама төмендегенімен, теңге бағамы оған ешқандай реакция білдірмей отыр», деп жазады экономист.

20 қаңтар күні Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықта доллардың «екпіні» басылып, ұлттық валюта бағамы сәл-пәл нығайған болатын. Ол күні доллар орта есеппен 529,8 теңгеден сатылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале