3.03.2020, 10:03
Оқылды: 93

Теннис орталығында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды

Жуырда қаламыздағы теннис орталығында жас спортшылар мен олардың ата-аналарына арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
tennis (3)

ҚР теннис федерациясы мен федерацияның өңіріміздегі филиалы бірлесе ұйымдастырған шараға қатысушылар қарасы көп болды. Балалар мен ата-аналар би билеп, түрлі ойындарға белсене қатысты.

tennis (8)

Үлкенді де, кішіні де сергіткен шара барысында үздік теннисшілер мен бапкерлер шеберлік сағаттарын өткізіп, БҚО теннис федерациясы ұсынған бағалы сыйлықтарды табыстады.

tennis (11)

Түгелбай Бисен

 zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале