Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлады.
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы
Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша әлем чемпионатына жолдама алған төрт команда анықталды.
Қазақстандықтар ширек финалда әлемдегі үздік құрамалардың бірі - Аустралияны ұтты.
Алдымен Заңғар Нұрланұлы Лахлан Макфадзенді 5:7, 6:3, 6:1 есебімен тізе бүктірді. Содан кейін Әмір Омарханов Джейк Дембоны жеңді - 6:2, 6:3.
Осылайша, 16 жасқа дейінгілер арасында күзде Испанияның Кордоба қаласында өтетін командалық әлем чемпионатында Қазақстаннан қыздармен қатар ұлдар құрамасы да алғаш рет өнер көрсетеді.
Ертең Оңтүстік Кореямен өтетін жартылай финалдық матч ештеңені шешпейді. Өйткені Қазақстан, Оңтүстік Корея және Жапония әлем чемпионатына жолдама алды. Төртінші жолдама иесі Өзбекстан мен Таиланд арасындағы кездесуде анықталады.