23.06.2025, 16:00
Оқылды: 249

Теректі ауданы, Теректі ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

23 маусым күні Теректі ауданы, Теректі ауылының аумағында терроризмге қарсы Теректі аудандық жедел штабымен «Теректі-Антитеррор-2025» оқу-жаттығуы өткізіледі.

анти

Сурет: gov.kz

Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.

 

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі

БҚО жедел штабы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале