31.10.2017, 17:42
Оқылды: 58

Теректі ауданында 200 адамды жұмыспен қамтитын зауыт іске қосылмақ

JakupovБұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Теректі ауданының әкімі Кәрім Жақыпов баяндады.

Брифингте Кәрім Кәрімоллаұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, әр салаға жеке-жеке тоқталып өтті.

- Алдағы уақытта бір инвестициялық жобаны іске асыру есебінен өндіріс көлемін өсіруді көздеп отырмыз. Ол – мұнай өнімдерін қайта өңдеу зауыты құрылысы -"ABS-мұнай" ЖШС. Осы жобалар ойдағыдай іске асса мұнай өнімдерін шығару көлемі жылына 0,8-1 миллион тоннаға жетеді деп күтілуде,-деді аудан әкімі Кәрім Жақыпов.
Оның айтуынша, аудан экономикасы негізінен ауылшаруашылығына бағытталып, агроөнеркәсіп кешені кеңінен дамыған өңірі бүгінде өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын тең жүргізіп отыр. Осы есепті күнге аудан бюджеті 7 943,3 миллион теңге, оның ішінде өз кіріс 1155,4 миллион теңгені құрап отыр. Өнеркәсіп өнімінің негізгі көлемі өңдеу саласына тиесілі. Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымында мұнай өңдеу өндірісі шамамен 6,5 пайызды құраса, азық-түлік өнеркәсібінің өнімдері – 78,8 пайызды құрайды. Ауданда ауыр дистиллянттық сұйық отын, газойлдық фракция өндірісімен айналысатын «B.N GаsOіl Processing» ЖШС, алкогольсіз сусындар өндіретін «Жайыкгидрогеология» ЖШС, тазартылған және тазартылмаған күнбағыс майын шығаратын «Теректі май комбинаты» ЖШС өнеркәсіп саласының негізгі кәсіпорындары болып есептеледі.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале