28.09.2023, 15:30
Оқылды: 87

Теректідегі тіресте тоғыз адам жараланып, бір адам өлді

 

Қарауылқожаның қазақ ауылын тонауы дәстүрлі салтқа айналды. Қожаға арқа сүйеген жас старшындар ойына келгенін жасады. Мәселен, «Балқының баласы Бейсен ханға бағынбайтын кімсіңдер?» деп Рысалды және Сатыпалды Кәсіпұлының ауылына ат ойнатып, тоғыз адамын жаралап, бір адамын өлтіріп кетеді.

жп дала

Оны естіген Исатай батыр қарымта есебінде 200 жасағымен Теректі де отырған Балқының ауылын шауып барымтаға мүлкін тәркілеп, жүгін 20 түйеге артып, өзімен бірге 50 жылқысын айдап кетеді.

Қарауылқожа тұсындағы жас старшындардың бірі Бос Боздақұлының залымдығын, қарауындағы халықты аяусыз қанап, отырғанын білетін ауылдастары Сарт Еділұлының Бостың ауылын шауып 51 жылқысын айдап кеткенде ешбірі қыбыр етпеді.

Исатайдың «қаһарына қарсы тұрамын, халықшылдығына тоқтау саламын» деп атойлаған Қарауылқожа да қарап қалмай, Исатай ауылдарын бірінен соң бірін тонаушылыққа ұшыратады.

Сондай ауылдың бірі Беріш Байназарұлы ауылы болды. Қарауылқожаның өзі бас болып ауылдың шаңын көтеріп, 36 түйе, 300 қой, 107 жылқы, 52 сиыр малын алдына сап айдап кетеді.

Оларға қарсы қарым соғыста Исатай жасағы қуғын салып Райым бейіті маңында жолықтырып кездестіргенмен жақсы қаруланған Қожа жасағы алдырмайды. Осы жорықта Исатай қолының 22 адамы тұтқынға түсіп, 20 адамы жаралы болып оралады.

Алайда есесін қайтаруда есебін жібермеген Исатай қалың қолмен қайта оралып Қарауылқожа ауылын шаңға бөктіріп, қожаның 550 жылқысын, 95 түйе, халықтан жиналған 3000 мың сом ақшасын қолды етеді.

Бұл туралы Қарауылқожа Орал атаманы полковник Покатилевке «Исатай ауылымды шауып кетті, 200 адамымды жаралады, бір адам өлді, үш адам өлім халінде» деп Исатайдың үстінен арыз түсіреді.

Осылайша хандық пен қараның арасы алшақтай түсті.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале