19.04.2022, 9:00
Оқылды: 44

Теріскейден келген театр

Осы айдың 26-28-і күндері Орал қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының гастролі өтеді.

IMG-20220418-WA0103

Батысқазақстандық балдырғандардың назарына теріскейден келген театр үш күн қатарынан халық ертегісі негізінде сахналанған «Қаңбақ шалды» ұсынады. Ал ересек көрермендер гастрольдің алғашқы күні Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» драмасын көріп, ертеңіне Карли Гольдонидің «Венециялық егіздер», сондай-ақ 28 сәуірде Бронислав Нушичтың «Қарапайым адам» комедияларын тамашалайды. Бір ескерер жайт, «Қаңбақ шал» үш күн бойы сағат 11.00-де, ал ересек көрермендерге арналған  қойылымдар кешкі сағат алтыда (18.00) басталады.

Ақ Жайық атырабына алғаш аяқ басқан  Солтүстік Қазақстан облыстық С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының барлық қойылымы Х. Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында өтеді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале