10 қарашада ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған ҚР азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізді.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Оның радикалдық идеялардан, террористік әрекеттен өз еркімен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі болған.
Қазақстанға келгеннен кейін қамауға алынды.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр.