13.11.2023, 10:15
Оқылды: 39

Террористік топ құрамында болған қазақстандық елге жеткізілді

10 қарашада ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған ҚР азаматын Түркиядан Қазақстанға жеткізді.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

39c6a2fedf22a06d18722e72441fdd2a_1280x720

Оның радикалдық идеялардан, террористік әрекеттен өз еркімен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі болған.

Қазақстанға келгеннен кейін қамауға алынды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале