9.01.2023, 16:46
Оқылды: 6

Терроризм мен экстремизм бойынша сотталғандарға қолданылатын жаза өзгертіледі

Терроризм мен экстремизм бойынша сотталғандардың жазасын жеңілдету шаралары қарастырылып жатыр. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6

«Адамдардың қаза болуына әкеп соқпаған және аса ауыр қылмыс жасаумен ұштаспаған террористік немесе экстремистік қылмыс үшін тағайындалған бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзбаған жағдайда, жазаның өтелмеген қалған бөлігін сот жазаның неғұрлым жеңіл түрімен алмастыруы мүмкін. Бұл ретте адам өмір бойы тағайындалғандарды қоспағанда, қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларынан толық немесе ішінара босатылуы мүмкін», - делінген құжатта.

Ескеретіні – бұл норма адам шығыны болмаған террористік немесе экстремистік қылмыс жасаған айыпталушы тергеуге және қылмыстық топтарға қатысушыларды әшкерелеуге белсенді қатысқан жағдайда ғана қолданылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале