Дүниеде не асыл?
5 Шілде 2022

Дүниеде не асыл?

Қазақстан Ресеймен барлық бағыттар бойынша стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті – Әлихан Смайылов
4 Шілде 2022

Қазақстан Ресеймен барлық бағыттар бойынша стратегиялық серіктестікті дамытуға ниетті – Әлихан Смайылов

Үндістанда көшкіннен қаза тапқандар саны 42-ге жетті
4 Шілде 2022

Үндістанда көшкіннен қаза тапқандар саны 42-ге жетті

Ұландықтар арасындағы біріншілік   
4 Шілде 2022

Ұландықтар арасындағы біріншілік   

Алматыда жылына 1 млн шетелдік турист қабылдауға жоспар құрылды
4 Шілде 2022

Алматыда жылына 1 млн шетелдік турист қабылдауға жоспар құрылды

БҚО-да үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды
4 Шілде 2022

БҚО-да үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды

Техаста да бауырсақ пісіреді

FLEX дегеніміз – америкалық мектепте тегін бір жыл білім алуға мүмкіндік беретін халықаралық бағдарлама. Бұл бағдарламаға  қазақстандық жастар да қатыса алады. Мектеп оқушысы осы жоба бойынша АҚШ-та тұрып оқиды, ағылшын тілін білу тәжірибесін шыңдайды.

426a5091-816c-4c1d-b467-cf172ab48952

Аталмыш бағдарламаны АҚШ үкіметі қаржыландырады. Яғни тегін оқисыз. Сәйкесінше бағдарламаға қатысушы атану үшін тиісті талаптар, байқау кезеңдері қарастырылған. FLEX жеңімпазы атану тек мықтылардың қолынан келеді. Негізі, озат оқушы болу, ағылшын тілін білу маңызды болғанымен, байқау барысында адами құндылықтарға ерекше көңіл бөлінеді екен. Мұхит асып өзге мемлекетте, ата-анадан жырақта тұруға қабілетті, батыл, өз-өзіне сенімді шәкірттер ғана сынақтан сүрінбей өтіп, FLEX-қа қатысушы болады.

Өзінің бағын сынап, білімділігін танытқан, ағылшын тіліне жетік оралдық Биғайша Есенғазиева 2021-2022 оқу жылын АҚШ-та өткізуге FLEX бағдарламасы арқылы жолдама алды. Ол – қаладағы №49 мектептің 10-сынып оқушысы, 16 жаста. Қазіргі кезде АҚШ-тың  Техас штатының оңтүстігінде орналасқан Сан-Антонио қаласында тұрады. Жергілікті «William Brennan High» мектебінің «junior» сыныбында оқиды. Америкада сыныптар а, ә, б деп бөлінбейді. 9 сынып – «freshman», 10 сынып – «sophomore», 11 сынып – «junior» және 12 сынып – «senior» (мұндағы сөздер ағылшынша сәйкесінше «бірінші курс студенті», «екінші курс студенті», «кіші студент» және «аға студент» деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Оның айтуынша, хост отбасында әкесі, анасы, екі апасы бар. Хост дегеніміз – бағдарламаның қатысушыға алдын ала таңдалған   америкалық отбасы. Өйткені оқушы бір жыл бойы осы хост отбасымен бірге тұрады. 20 жастағы Эшли хост ата-анасының қызы болса, 16 жастағы Ханна – Биғайша секілді FLEX қатысушысы. Ол Германиядан келіпті.

IMG-20220420-WA0097

– Америкалық білім беру жүйесінде оқыту әдістемесі біздің елмен салыстырғанда мүлдем өзгеше. Ұл-қыздар оқитын пәндерін жыл сайын таңдап алады. Мысалы, мен би, театр өнерін, астрономия ғылымын, сандық пайымдауды, психологияны, АҚШ тарихын, ағылшын әдебиетін оқуым керек деп шештім. Мұндағы мұғалімдер оқушы­лармен достық рәуіште сөйлесіп, әрдайым қолдау білдіріп отырады. Бағаларыңды дұрыстағың келсе,  емтихандарды қайта тапсыруға болатыны таң қалдырды.  Бір қызығы, мектеп қабырғасында макияж үйірмесінен бастап, жас ата-ана үйірмесіне де қатысуға болады. Барлығына бірдей мектеп формасын кию міндетті емес, – дейді WhatsApp желісі арқылы сөйлескенімізде Биғайша замандасым.

Бірде Биғайша америкалық мектепке  ұлттық әшекейлерін тағып барады. Ондағы ойы қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттай жүріп, жер бетінде қазақ деген ұлттың, Қазақстан деген мемлекеттің барын өзгелерге жеткізуді көздейді. Оның ойлағаны іске асқан, сыныптастары сырғаларына қызығып, қайдан сатып алғанын сұрайды. Сырға, білезіктердің қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары  екенін естіген шетелдік балауса арулар таңдай қағып, қазақ ұлтының шебер, көркемдікке құштар халық екен  дескен. Артынша Биғайша жақын достарына әшекейлік бұйымдарды сыйға тартыпты. Хост отбасына да Қазақстаннан апарған кәдесыйларын, тәттілерін тарту еткен.

Оралдық қыз Сан-Антонио қаласында қазақтың ұлттық тағамдарын да шебер насихаттап жүр. Ризашылық күні мейрамына хост әкесімен бірге бауырсақ пісіріп, отбасы мүшелеріне бауырсақтың дәмін таттырды. Содан бері бауырсақ олардың сүйікті тағамына айналған. «Америкалық тағамдарды күнделікті тұтына жүріп, өзіміздің ұлттық тағамды сағынып жүрмін» деп сыр  бөлісті  қаршадай  қыз.

Ай сайын FLEX бағдарламасының қолдауымен қатысушылар шәкіртақы алады. Биғайша азық-түлік бағасы сапасына қарай қымбат болатынын, бірақ қажетті заттарды хост ата-анасы алып беретінін айтады.

Қолы бос уақытта қазақстандық бойжеткен жалғызсырамайды, себебі FLEX-тің басқа қатысушыларымен жиі кездеседі. Халықаралық бағдарламаның арқасында ол жат елде жүріп, өзіне жаңа достар тапты, өзге елдің мә­дениетімен танысты, түрі басқа адамдардың тілегі бір екенін, бейбіт өмірді қалайтынын ұқты. Оның бойында алға қойған мақсатына ұмтылдыратын қайтпас табандылық, мұқалмас жігер бар. «Болашақта елге оралып, оқуымды жалғастырамын. FLEX бағдарламасының арқасында ағылшын тілінде сөйлеу мәдениетімді дамыттым, еркін сөйлесуге қол жеткіздім. Мұхит асып, ел, жер көрдім. Осы сапардан жинаған тәжірибемді кейін маман болғанымда елімізді дамытуға жұмсаймын», – дейді алғыр жас.

Альбина Болатова,

мектептен тыс жұмыс орталығындағы «Жас тілші» үйірмесінің мүшесі,

Орал қаласы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале