Бүгін облыс жұртшылығы "Нұр Отан" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы ғимаратының мəжіліс залында Астана қаласында Елбасы, Жоғарғы қолбасшы Н.Ə.Назарбаевтың қатысуымен өткен ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығы және Жеңіс күніне арналған Əскери парадты тікелей эфирден тамашалады.
Еліміздің əскери қуатын паш еткен парад аяқталған соң, өңір басшысы Алтай Көлгінов əріптестері атынан əскерилерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, мерекелік медальдармен және алғыс хаттармен марапаттады.
zhaikpress.kz