3.06.2022, 9:00
Оқылды: 97

TikTok Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

Шығыс Еуропадағы TikTok өкілдігінің директоры Олег Соколов ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровпен және «Kazakh Invest» ҰК» АҚ өкілдерімен кездесу барысында компанияның Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті екенін жеткізді. Бұл туралы «Kazakh Invest» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211021123335462e

«Олег Соколов TikTok компаниясының Қазақстан аумағында ұлттық театрлар мен музейлерді ілгерілетуді қоса алғанда, платформаның мәдени-танымдық контентін күшейту жөніндегі ниетін атап өтті. Өз кезегінде Алмас Айдаров Қазақстанда компания өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды және компанияның елдегі бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады», - делінген компания мәлімдемесінде.

TikTok компаниясы делегациясының елімізге келу мақсаты - білім беру, мәдениет, туризм саласындағы жобалар және Қазақстан аумағында платформаны дамытудың басқа да мәселелерін талқылау. Осы мақсатта елдегі бірқатар министрліктер және органдардың басшыларымен кездесулер өткізіп, өзара ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Айта кетсек, осыдан екі ай бұрын ҚР Білім және ғылым министрлігі TikTok парақшасын ашқан еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале