6.09.2021, 11:42
Оқылды: 368

Тіл мерекесін атап өтті

Орал шаһарындағы 5517 әскери бөлімінде «Тілге құрмет – елге құрмет» акциясы аясында Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – тұтастық туы» музыкалық танымдық шара өткізілді.

IMG_20210905_143437_446

5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні. Бұл – 100-ден астам этностың біртұтас тату отбасын құрап отырған қазақстандықтар үшін маңызды мереке.

Бұған дейін (1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап) 22 қыркүйекте аталып өтілетін мереке 2017 жылы сол кездегі Үкімет «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған.

Атаулы датаның өзгеруі «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ақын, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – ұлттық әліпби жасап, «төте жазу» сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор.

IMG_20210905_143437_516

Шара тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған сарбаздардың сахналық қойылыммен бастау алды. Алғашқы құттықтау сөз №5517 бөлімінің командирі подполковник Сағындык Алкайдаровқа берілді.

Сағындык Ахмадиұлы әскерилерді айтулы күнмен құттықтап, үздік деп танылған әскери тіл жанашырларын марапаттады.

IMG-20210905-WA0021

Одан кейін әскери бөлімде кызмет ететін өзге ұлт жауынгерлері өздерінің ана тілінде, сондай-ақ мемлекеттік тілде ән шырқап, өлеңдер оқып, өз өнерлерін көрсетті.

Шара Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің аула клубы өнерпаздарының  шағын мерекелік концертіне ұласты.

тил мейрам

Бөлімнің тәрбие және әлеуметтіқ-құқықтық жұмыстары бөлімшесінің  мемлекеттік тілді енгізу бойынша аға офицері, майор Алмагүл Жұмабекованың айтуынша, шараның мақсаты – қазақ халқының тілі мен мәдениетін насихаттау. Соңғы кезде әскерімізде демемлекеттік тілді үйренушілер қатары көбейіп келеді.

 

Ерболат Сұлтанов,

подполковник

Орал қаласы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале