13.04.2021, 9:44
Оқылды: 179

Тіл жанашыры Гүлнәр

Бірде «Орал өңірі» газетіне белгілі журналист Қазбек Құттымұратұлының облыстық тіл басқармасы туралы жазған мақаласы шықты. Жергілікті теледидардағы хабарлардың бірінен ономастикалық, тіл мәселелері жайында ой бөліскен бір бұйрабас қыз болушы еді. Сол мақаладан шешен сөйлейтін қыздың аты-жөні Гүлнәр Әлжанова екенін, облыстық тіл басқармасында жасайтынын білдім.

 Гулнар Алжанова_2021111

Сол Гүлнәр мені өзі іздеп тапты. Бір байқауға әділ қазы болуға шақырды. Алғаш көргеннен өз танысындай баурап алатын, әр сөзін қадап, сеніммен сөйлейтін өжет мінезін байқадым. Гүлнәр Жәрдемқызын осы тіл басқармасындағы қызметінен және соңғы кездегі «IQANAT» республикалық білім беру қорының БҚО бойынша үйлестірушісі ретінде танимын. Ол өз жұмысына аса жауапкершілікпен қарайды, қандай сұрақтарға да екі тілде еркін жауап береді. Арасындағы кездесулерде ол үнемі жұмыста, тынымсыз ізденіс үстінде және өткен шараларды күні, айы, сағатына дейін айтып беретіндігі таңдандырды. Құдды энциклопедиядан керекті нәрсеңді іздегендей одан жауап табасың.

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №29 санынан ақын, ардагер-ұстаз, Ақжайық ауданының құрметті азаматы Үзілдік Елеубайқызының «Тіл жанашыры Гүлнәр» атты мақаласынан оқи аласыздар!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале