Жасанды интеллект саласындағы зерттеулерді дамыту үшін Назарбаев Университеті «Ұлттық ақпараттық технологиялармен» бірігіп қазақ тілінде үлкен тілдік модель KazLLM әзірлейді. Модель 100 млрд токенге негізделетін болады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы айтылды.
Сурет: ОКҚ
«Модельдің сапасын жақсарту үшін қазақ тіліндегі деректерді жинау өте маңызды. Осы мақсатта, ұлттық деректер жинау науқаны Hugging Face платформасында жүргізіледі», - деді Жасанды интеллект комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Қазіргі уақытта ашық көздерден 30 млрд токен жиналды.
«KazLLM-нің алғашқы нұсқасы осы жылдың желтоқсанында ұсынылады», - деді спикер.