25.07.2024, 10:45
Оқылды: 147

Тоғыз жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұсталды

Түркістан облысының полициясы тоғыз жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

FA893643-ECF0-488E-9D8D-ACF9A21E650B

Сурет: Polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тоғыз жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды анықтады.

35 жастағы іздеуде жүрген қылмыскерді полиция қызметкерлері Сайрам ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады.

Күдіктінің 2015 жылы атыс қаруын қолданып, ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілгені анықталды.

Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Тергеу күдіктінің қылмысқа қатысы бар екенін толық дәлелдеді, ал жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале