11.09.2024, 11:15
Оқылды: 138

Тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшырылды

9 қыркүйек күні сағат 09:09-да V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды.

824E2AE5-7404-40FD-A9DC-3FC24A19A01B

Суреттер: Туризм және спорт министрлігі

Қатысушылардың бірінші жүрісі 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9-шы ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті, деп жазады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Ерекше айта кететін маңызды жаңалық – тоғызқұмалақ тақтасының ғарыш кеңістігіне шығуы. Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде ішінде тастары бар тақта алғаш рет Көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді.

A48D9AAD-CA9B-4770-B190-99BB85BB0B92

Бұл іс-шара үстел ойындарының жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болған жалғыз үстел ойыны.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы тоғызқұмалақ турнирінде 41 елден, оның ішінде Колумбия, Бангладеш, Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка және араб елдерінен келген 114 қатысушы бақ сынайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале