9.11.2022, 15:00
Оқылды: 35

Тоғжанның қос күмісі

Түркияның Анталия қаласында 100 шаршылы дойбыдан әлем чемпионаты өтті. Әлемнің ұшқыр ойлы спортшыларының жарысында ел намысын қорғаған Тоғжан Тәжібекова 17 жасқа дейінгі дойбышылар сайысының классика және рапид түрлерінен күміс жүлдегер атанды.

3

Осыған дейін 64 шаршылы дойбыдан Азия, әлем чемпионы болып үлгерген Тоғжанның 100 шаршылы дойбы сайысына алғаш рет қатысуы. Соған қарамастан, ол жоғары нәтиже көрсетті. Айта кететін тағы бір жайт, бұл чемпионатта ұлттық құрама сапында Тоғжаннан басқа ешкім жүлдеге іліге алмады.

4

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале