Тойға немесе туған күнге жасалатын ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе? Туған күнге, тойға немесе сыйлық ретінде жасалатын ақшалай аударымдарға салық салынбайды. Бұл туралы Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сурет: сайт архивінен
Аударылған ақшаға салық салына ма?
Ведомство түсіндіргендей, мұндай аударымдар сыйға тарту болып саналады, жеке сипатқа ие және салық салуға жататын кірістерге жатпайды.
Бұл Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын редакциясындағы 405-бабында қарастырылған.

Сурет: baq.kz
Осылайша, мерекеде немесе басқа да жеке себептермен сыйлық ретінде алынған ақшаға салық салынбайды.