15.10.2021, 17:50
Оқылды: 81

Тоқаев 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы деп жариялады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында 2022 жылды ТМД-ның халық шығармашылығы мен мәдени мұрасы жылы деп жарияланғанын айтты.

eb3c5a08b1fa46b323fd6cf542dc809d

Мәдени-гуманитарлық өлшемдер тарихи байланыстарды сақтауда және халықтарымызды одан әрі жақындастыруда дәстүрлі түрде маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты біз 2022 жылды ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұрасы жылы деп жарияладық. Мерейлі жыл аясында тарихи байланыстарды сақтауға, мәдениет, туризм және спорт саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған 100-ге жуық іс-шара өтеді, - деп айтты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айтуынша, бұрын қабылданған бағдарламалық құжаттарды сапалы іске асыру да осы саладағы ынтымақтастықты тереңдетуге қызмет етеді.

Әңгіме жастар ынтымақтастығы, туризм, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласындағы үш стратегия туралы болып отыр. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Молдова халқын 2023 жылы Достастықтың мәдени астанасы Комрат қаласының сайлануымен құттықтаймын, - деді Тоқаев.

BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале