Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі жазды.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.
Фото: t.me/aqorda_resmi