16.03.2022, 12:25
Оқылды: 9

Тоқаев: Елімізде ауқымды дағдарысты еңсеруге қажетті бүкіл резерв пен тетіктер бар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шұғыл арада дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың пакетін ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220316105616882e

«Дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралары туралы. Қазақстан өзінің заманауи тарихында геосясаи ахуалдың шұғыл шиеленісуімен байланысты теңдессіз қаржылық-экономикалық қиындықтарға тап келді. Қатаң санкциялық текетірес қазірдің өзінде елеулі шегіністерге әкеліп жатыр. Тек жекелеген елдерге ғана емес, бүкіл ғаламдық экономикаға әсер етуде. Жағдай жылдам өзгеріп жатыр, тіпті сағат сайын деуге болады. Әлемдік нарықтарда белгісіздік пен турбиленттілік деңгейі артуда, - деді Мемлекет басшысы. Оның сөзіне қарағанда, дегенмен байбалам салуға негіз жоқ.

«Елімізде ауқымды дағдарысты еңсеруге қажетті бүкіл резерв пен тетіктер бар. Үкімет шұғыл арада дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралардың пакетін ұсынуы керек. Бәрінен бұрын ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету керек», - деді Президент.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале