17.09.2021, 11:37
Оқылды: 56

Тоқаев Иранның жаңа президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының президентімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

photo_87051

Кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисиді жақында өткен Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, екі ел арасындағы байланыстарды жоғары бағалады.

"Бұл – біздің алғашқы кездесуіміз. Осы жүздесу біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарға жаңа серпін беретініне сенімдімін. Иран – біздің Каспий өңіріндегі тату көршіміз және ислам әлеміндегі жақын серіктесіміз. Дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық тұрақты түрде артып келеді", – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Ибрахим Раиси сайлаудағы жеңісімен құттықтағаны және ұлықтау рәсіміне арнайы делегация жібергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.

"Иран мен Қазақстанның өзара ынтымақтастығы жан-жақты қалыптасқан. Әрине, әлеуеті жоғары байланыстарымызды одан әрі кеңейтуге мол мүмкіндік бар. Біздің бүгінгі кездесуіміз осы ықпалдастықтың бастауы боларына сенемін", – деді Иран Президенті.

Сонымен қатар, кездесуде тараптар биыл сауда-экономика бағытында оң үрдістер байқалғанын атап өтіп, екі ел арасындағы сауда-саттықты одан әрі арттыруға және көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, инвестиция салалары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.

Кездесу соңында Мемлекеттер басшылары өзара сапар алмасуға келісті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале