Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев World Dog Show 2025 дүниежүзілік көрмесінде айтты.
"Тазы тұқымын дамыту және бірегей қасиеттерін сақтау, жүйелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, халықаралық көрмелерге тұрақты қатысу сияқты бағыттардан тұратын бұл іске Қазақстан кинологтар одағымен қатар мемлекеттік органдар да белсенді атсалысуға тиіс", - деп жазды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.
Оның айтуынша, Президент Іс басқармасы, Экология және табиғи ресурстар, Ғылым және жоғары білім, Ауыл шаруашылығы, Сыртқы істер министрліктері және басқа да құзырлы органдар, сондай-ақ жергілікті әкімдіктер бірлескен жүйелі жоспар аясында тиісті ұйымдастыру шараларын қолға алуы керек.
