2.03.2022, 11:10
Оқылды: 18

Тоқаев Украинадағы жағдайға байланысты БҰҰ-ны нығайту қажеттігін айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Біріккен Ұлттар Ұйымының әлеуеті мен рөлін арттыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

6e151348681c4d54a67895c6a7b16b72

Ол Қазақстан бұл ұйымға 30 жыл бұрын мүше болғанын атап өтті.

Қазақстан осыдан 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек, - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале