15.04.2024, 18:00
Оқылды: 54

Токиода Данилина мен Құламбаева әлемдегі мықты жұптардың бірін ұтты

"Токио қаласында Билли Джин Кинг кубогінің Қазақстан мен Жапония арасындағы іріктеу матчы мәресіне жетті", - деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

tokioda_danilina_men_1713158291

Кортта жұптық сында Анна Данилина - Жібек Құламбаева әлемнің 20-ракеткалары Сюко Аояма - Эна Сибахарамен сынға түсті.

Бірінші партияда қазақстандық жұп тай-брейкте басымдылық танытты - 7:6 (9:7). Екіншісінде жапониялықтар есе қайырды - 6:3.

Супер тай-брейкте Құламбаева - Данилина жеңіст жұлып алды - 11:9.

Осылайша, қорытынды есеп - 3:1, Жапония құрамасы финалдық кезеңге жолдама алды. Қазақстан командасы қараша айында Билли Джин Кинг кубогінің плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале