2.04.2021, 9:41
Оқылды: 337

Толстойдың ізгілік идеясын өз халқы неге ұстанбайды?..

Адамзат тарихындағы ұлы шығармалардың бірі – орыс жазушысы Лев Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілігі». Қаламгер бұл туындысын 1863-1869 жылдар аралығында жазып, 1865-1869 жылдарда жариялаған. Аталған роман-эпопея 1805-1820 жылдар аралығындағы орыс өмірін суреттеп, Александр патша болған кезеңдегі тұтас бір дәуірді бейнелейді. Мұнда 559 кейіпкер болса, соның 200 шақтысы кәдімгі тарихта болған адамдар. Толстойдың жазушы ретінде кереметтігі сол – ол императорлар мен патшалардан бастап қатардағы жауынгерлерге дейін, губернаторлардан бастап қарапайым шаруаларға дейін, қариялардан бастап кішкентай балаларға дейін қоғамның әр түрлі тап және әр қилы жастағы өкілдерінің психологиясын сипаттаған. Көлемі 2000 бетке жуық мұндай ұлы туындыны автор 8 рет қолмен қайта жазып шығып, ал жекелеген эпизодтарын 26 рет өңдеп, өзгерткен екен. Э.Е.Зайденшнур «Соғыс пен бейбітшіліктің» басталуының өзінің 15 нұсқасы бар екенін айтқан. Роман-эпопеяның көптеген тілге аударылғанын, шығарма желісімен әлемнің әр түкпірінде талай қойылым қойылып, талай кино түсірілгенін айтпағанда, «Соғыс пен бейбітшілік» жөнінде қызықты дерек көп. Мысалы, балаларға арналған шығармаларды есепке алмасақ, «Соғыс пен бейбітшілік» 1918-1986 жылдарда КСРО-да ең көп басып шығарылған кітап екен. Нақтырақ айтқанда, 312 рет қайтадан жарық көріп, жалпы 36 085 000 данамен оқырмандарға жол тартқан.

Лев Толстой (1)2

Ендеше Лев Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілік» роман-эпопеясы  хақында облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 2 сәуір күнгі №26 санынан журналист Алпамыс Файзолланың «Толстойдың ізгілік идеясын өз халқы неге ұстанбайды?..» атты мақаласын оқыңыз, оқырман!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале