Дана халқымыз «Жылуы жоқ жүрек құр кеуде» деп ұрпағын жастайынан қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайтыны аян.
Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай мектебінің түлектері егемен елдің тұтқасын ұстаған еңселі азамат атанды. Білім ошағынан әр жылдары түлеп ұшқан шәкірттер шама-шарқы келгенше мектепке көмек көрсетіп тұрады. Ондайда ұстаздардың көңілі шалқып марқайып қалады. Биыл да осынау игі дәстүр жалғасын тапты. Мектепті 1978 жылы аяқтаған шәкірттер ұйымшылдықтарын көрсетіп, білім ошағының асханасына тоңазытқышты сыйға тартты. Түлектер мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әр парасатты азамат әріп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары – сынып жетекшілері А. Тажғұловты, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ғ. Бисенғалиеваны, сол кездегі мектеп директоры Б. Медресовты ерекше ілтипатпен еске алды. балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя-мекте-бімен көріскеніне қуанды.
Анар Рзиева,
Шыңғырлау ауданы