Аралтөбеде қазақ күресі секциясы ашылды
6 Желтоқсан 2021

Аралтөбеде қазақ күресі секциясы ашылды

Бәйтеректе достық фестивалі өтті
6 Желтоқсан 2021

Бәйтеректе достық фестивалі өтті

Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 17 адам көз жұмды
6 Желтоқсан 2021

Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 17 адам көз жұмды

5 Желтоқсан 2021

"Тарихқа тұнған - Жымпиты"

Шағын футболда бақ сынады
5 Желтоқсан 2021

Шағын футболда бақ сынады

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе және Казталов аудандарында кезектен тыс сайлау конференциялары өткізілді
4 Желтоқсан 2021

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе және Казталов аудандарында кезектен тыс сайлау конференциялары өткізілді

30.09.2021, 9:28
Оқылды: 36
Тоңазытқыштағы сәби өлімі: Атырауда дәрігерлерге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Атырауда тоңазытқышта қайтыс болған сәби өліміне күдікті дәрігерлерге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

324F6313-66FA-4068-955B-C1B07FE4E663

Бүгін облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» дәрігерлеріне қатысты Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі өзгеріссіз қалды.

«Бұдан бұрын бірінші сатыдағы сот үкімімен «Атырау облыстық перинаталдық орталығы» кәсіпорны директоры К.Нысанбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі 3,7,14-тармақтарымен (алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен дәрменсіз күйдегі кәмелетке толмаған адамды өлтіру), 361-бабы, 1- бөлігі (лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану), 24-бабы, 3-бөлігі, 367-бабы, 2-бөлігі (пара беруге оқталу) кінәлі деп танылып, оған 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, кезекші дәрігер А.Қайыржан және акушер Ж.Кулбатирова Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 3,7,14-тармақтарымен кінәлі деп танылып, А.Қайыржанға 16 жыл, Ж.Кулбатироваға 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, неонатолог-дәрігерлер Д.Джумабаева, Р.Нурмаханбетов Қылмыстық Кодексінің 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) кінәлі деп танылып, оларға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сотталушылардың кінәсі бірінші инстанция сотында зерттелген дәлелдемер жиынтығымен, куәгерлерлдің жауабымен, сараптама қорытындысымен толығымен өз дәлелін тапқан», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот алқасы сотталғандардың қылмыс жасағаны өз дәлелін тапқаны, жазаның түрі мен мерзімі жасаған әрекеттеріне, заң талаптарына сай тағайындалғаны туралы тұжырымға келді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале