6.06.2022, 10:30
Оқылды: 91

Топ жарғандар –Түркістанға!

Орал қаласындағы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда «Өнерімнің биігі – жыр-терме» атты жас термешілер байқауы өтті. Байқауда 14-29 жас аралығындағы өнерлі жастар бақ сынады.

термешілер

Іс-шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Қатысушылар екі термеден орындады. Оның бірі – еркін тақырыпта, екіншісі – батыс мақамдарының стилінде.

Сайыс қорытындысы бойынша 14-18 жас аралығындағы өнерпаздар арасында шаһарымыздағы Дина Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебінің оқушысы Лаура Мәлікова мен сырымдық Ерасыл Өміржан «Көрермен көзайымы» аталымына ие болды. Жүлделі III орынды аталмыш мектеп оқушысы Темірлан Батырбек, II орынды №25 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Сабина Жұмагелдина иеленді. Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенті Жасмина Палат I орынды жеңіп алды. 19-29 жас аралығындағы жас термешілер арасында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың студенті Ұлпан Темірбек пен бөрлілік Бектас Жұмағалиев «Көрермен көзайымы» атанды. Сонымен қатар М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың студенттері – Әділ Ахметов пен Гүлім Ізімғалиева үшінші және екінші орындарды өзара бөлісті. Аталмыш оқу орнының студенті Рысты Елшинбекова жеңімпаз деп танылды.

Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жеңіс тұғырынан көрінгендер Түркістан қаласына жолдама ұтты.

Болатбек Сахиев,

«Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале