
Сурет: bsh.kz
Білім іздеп қадам басқан әр бала,
TOPIQ*-тан тауып жатыр жол жаңа.
Онда ғылым, ой мен сана бәрі бар,
Тоғысқан бір осы платформада.
Цифрлық дәуір, жаңғырудың негізі,
TOPIQ деген оқулықтың егізі.
Қашықтықтан нұрын шашқан баршаға
Мәні терең ол білімнің теңізі.
Тапсырмалар ықшам түрде берілген,
Жүйеленіп тест түрінде терілген.
Мұғалім мен оқушыға дәлме-дәл,
Кім ақпарат ұсынады тегіннен.
Заманауи оқу деген осындай,
Құр қалмаңыз ғаламторға қосылмай.
Әрқашанда көмекке әзір тұратын
TOPIQ бұл – менің жақын досымдай.
Гүлжан Мұсағали,
6-сынып оқушысы,
жетекшісі: Гүлзия ӘбІлова,
Ш. Жексенбаев атындағы МБК Ұялы ауылы,
Бөкей ордасы ауданы
TOPIQ* – электронды оқулықтар платформасы
R