4.07.2023, 11:30
Оқылды: 38

TopIQ.kz – онлайн ұстаз

Ғылым мен техниканың озық дамыған кезеңінде білім саласында электронды оқулықтардың артықшылықтары дәлелденуде. Соның бірі – TopIQ электронды оқулықтар платформасы.

df2614a9-812f-47d0-a94a-2d71093549df
Пайдалы платформаның тапсырмаларымен біз география, информатика сабақтарында танысып, қызыға орындадық. Электронды оқулықта интерактивті және мультимедиялық материалдар берілген. Сынып оқушыларының қабілеттері мен қызығушылықтары ескерілген. Әр бөлім бойынша жүйелі берілген тапсырмаларды жеке, жұп, топ болып орындадық. Жаңа тақырып бойынша ақпараттарды толығымен алуға, білімді өз бетіммен меңгеруіме, өзімді бағалай білуіме көп септігі тиді. Тақырыпты қорытындылау барысында «Сәйкестендіру», «Салыстыру», тест тапсырмаларын орындау арқылы білім деңгейімді анықтап, қателіктермен жұмыс істеп, жаңа сабақты толық түсінуіме көп көмегі болды. Тек мен ғана емес, сыныптастарым да электронды оқулық тапсырмаларын қызығушылықпен орындап, жыл соңында барлығымыз «Жақсы» деген бағаға шығып, оқу үлгеріміміз артты. Бұл, әрине, қуанарлық жағдай.
TopIQ. kz платформасын кез келген құрылғыда, қалаған уақытта қолдануға болатыны да біз үшін ыңғайлы болды. Өйткені оқушылардың барлығы телефонның тілін жақсы біледі. Ендеше, замандастарымның гаджетке деген сүйіспеншілігін жаңа тақырыптарды оқуға, түсіне білуге, өзін-өзі бағалап, тақырыпты талдауға пайдаланған жөн деп санаймын. Сонымен қатар қашықтан оқыту кезінде оқушы электронды оқулық арқылы жаңа сабақты оқып, меңгере алады.
Балнұр деген құрбым аяғын жарақаттап алған соң, ұзақ уақыт мектепке бармай қалған еді. Сол кезде телефон арқылы TopIQ. kz платформасына кіріп, тапсырмаларды орындап, мұғалімге жіберіп, қарым-қатынасын үзбей отырды. Өз білімімізді көтеруге телефонның да пайдасы болғанын көрген ата-анамыз да ризашылықтарын білдірді.
Сандық оқулықтың тағы бір артықшылығын табиғатқа саяхатқа шыққанда көрдік. География пәні мұғалімі Миршат Рафхатқызы «Литосфера. Жердің ішкі құрылымы», «Атмосфера», «Қолайсыз атмосфера құбылыстарынан қалай сақтануға болады?» тақырыптары бойынша TopIQ платформасының тапсырмаларын саяхат кезінде телефонмен орындатып, суреттерін көрсетті. Туған өлкеміздің ауа райы, топырағы, жер қабаты қандай екенін білдік, салыстырдық. Қолайсыз ауа райы кезінде қалай сақтануға болатыны туралы пікір алмастық. Табиғат аясында серуендеумен қатар, туған жеріміздің табиғаты туралы ой-танымымыз кеңейді.
Қазіргі заман оқушыларының компьютерлік ақпараттық технологияға деген қызығушылығы дәстүрлі оқулықтар мен дәптерлерге қарағанда жоғары. Жаңа буын заманауи білім беру саласында сәтті пайдаланатын мультимедия саласында қызыға жұмыс істейді. Себебі бұл замандастарымның шығармашылық дайындығын, жаңа білім алу мен дербестігін сезіндіреді.
Сабақ үрдісінде TopIQ.kz платформасын қолдану оқушылардың ізденімпаздық дағдыларын, шығармашылық жобаларын іске асыруға көп септігі тиетініне көз жеткіздім. Жинақылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеу сияқты өмірге қажет қасиеттерін қалыптастырады.
Оқушылардың пәнге деген ынтасын арттыруға, цифрлық сауаттылығын дамытуға, тақырыпты өз бетімізбен меңгеруге ықпал еткен TopIQ.kz платформасын «Онлайн әлемнің ұстазына» теңер едім.

Айзере Серікқали,
Ш. Жексенбаев атындағы

мектеп-бөбекжай кешенінің 7-сынып
оқушысы,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале