3.09.2024, 10:00
Оқылды: 89

Төрт қазақстандық оқушы информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасына аттанды

Египетте 1-8 қыркүйек аралығында информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы өтеді. Оған 90 елден 350 оқушы қатысады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

834292B4-D5C8-449D-9818-1652638CBDC6

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан құрамасының қатарында:

Максим Цой – Алматы қ. РФММ 10 сынып оқушысы;

Ахмет Иса – С.Шаухаманов атындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» Қызылорда облыстық лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Назар Серазитдинов – Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы;

Мансұр Таймас – Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

Қатысушылар әрқайсысы 5 сағатқа созылатын екі турда бақ сынайды. Халықаралық жарыстарға дайындық үшін қазақстандық оқушылар бұған дейін жетекші университет базасында оқу-жаттығу жиындарынан өткен болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале