Қарағанды қаласында дәстүрлі садақ атудан өткен ҚР кубогі бәсекесінде өңір садақшылары сәтті өнер көрсетті.

Сайысқа еліміздің 17 өңірінен 200 спортшы қатысып, садақ атудың түрлі бағыты бойынша шеберліктерін сынады.
Батысқазақстандық мергендер арасынан Мұрат Лұқпанов екі жүлдеге қол жеткізді. Ол пута нысанасында 70 метр және Орта Азия нысанасында 40 метр қашықтықтан III орын алды. Сонымен қатар Рустам Аманғалиев пута нысанасында 70 метр қашықтықта қола медаль иеленсе, Оразай Қайырсапин 30 метрден жамбы көздеуден үздік үштіктен көрінді. Осылайша облыс командасы Қазақстан кубогінен төрт қола жүлдемен оралды. Бұл нәтиже өңір садақшыларының ел аумағындағы бәсекеде өз шеберлігін жоғары деңгейде көрсете бастағанын аңғартады.