Pfizer фармацевтикалық корпорацияның атқарушы директоры Альберт Бурладан коронавирус инфекциясы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Pfizer - BioNTech вакцинасының төрт дозасын алғаныма ризамын, өйткені қазір өзімді жақсы сезінемін, менен анықталған ауру белгілері білінер-білінбес. Оқшауланатын боламын, Paxlovid препаратын қабылдай бастадым", - деп жазды Бурла.