17.11.2023, 15:20
Оқылды: 31

Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдері 30 оралдықпен толықты

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінде 30 оралдық азамат мерзімді әскери борышын өтейді. Бүгін БҚО төтенше жағдайлар департаментінде жас жігіттерді әскерге шығарып салу рәсімі өтті.

CF4FE691-D1F6-4B7D-A7A7-5E7EAE879FC1

Суреттерді түсірген: Диас Закбаев

Күзгі науқанда ҚР ТЖМ-ның әскери бөлімдеріне жалпы саны 350-ден астам жас шақырылған, оның отызы біздің өңірден.

– БҚО-да 1 қыркүйек – 31 желтоқсан аралығында мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны өтіп жатыр. Бүгін біз Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде борышын өтеу үшін жастарды шығарып салудамыз. Биылғы күзде өңірден әскерге баратын жастар Алматы облысына қарасты Ұзынағаш ауылындағы №28237 және Қарағанды қаласындағы №52859 әскери бөлімдерінің қатарын толықтырады. Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінде сарбаздар ТЖМ жедел резервінде қызмет атқарумен қатар, әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жою міндеттерін де орындайды. Батыс өңірінен аттанғалы тұрған жас сарбаздарға әскери өмірде сәттілік тілеймін. Жолдарыңыз ашық, қызметте адал болыңыздар, - деді салтанатты жиынды бастаған БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов.

BB4109ED-3CEA-4003-A3A6-42E69116F953

Айта кеткен жөн, әскерден кейін жастар ұлттық бірыңғай тестілеусіз ЖОО-ға ақылы негізде оқуға түсе алады, ал қызмет барысында көзге түскендерге тегін оқуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар жас әскерилер азаматтық қорғаныс саласында қызмет етеді.

F8597532-9E41-4D5D-A54E-0FBD7051DF74

– Сарбаздар аталған екі өңірде әскери борышын өтейді, соның ішінде Алматы облысына 15 жас, Қарағанды қаласына 15 жас жігіт бөлініп аттанады. ТЖМ-ның әскери бөлімдерінде борышын өтеген сарбаздарға мүмкіндік мол. Соның ішінде жоғары оқу орындарында білім алуға, қатарымызда қызмет етіп, құтқарушы атануға да болады. Тағы айта кететін жайт, биыл көршілес Ақтөбе қаласында ҚР ТЖМ-ның №20982 әскери бөлімі құрылды. Оның құрамына кіретін 2-ші құтқару батальонын Орал қаласына орналастыру жоспарланып отыр, - дейді БҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Теміржан Танжанов.

19BAFE4A-F3E8-470D-999A-736B4E008A9B

Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің негізгі міндеттеріне ел аумағындағы төтенше жағдайларды жою, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шаралар, төтенше жағдайлар белгіленген аймақтарға жеткізілетін жүктерді тасымалдау мен күзету және өзгелері кіреді.

08063BEF-0622-407A-AD8E-57C066814634

БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мәліметінше, күзгі науқанда өңірден 660 адамды әскерге жіберу жоспарланған. Ал көктемде әскерге аттанған 505 сарбаз еліміздің түкпір-түкпірінде міндеттерін абыроймен атқарып жүр.

Гүлмира Сансызбайқызы

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале