13.02.2023, 10:00
Оқылды: 40

Төтеншеліктер 27 автокөлікті қар құрсауынан шығарды

Өткен демалыс күндері Жамбыл облысының жолдарында ТЖМ құтқарушылары 795 адамды құтқарып, 15 адамға жедел медициналық көмек көрсетілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

3e59e83c-306c-4a0f-9e26-161051dadcf6

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен

Барлығы 27 автокөлікті құтқарушылар күшімен қар құрсауынан шығарылған.

Облыс ТЖД-да жедел штаб пен “Жедел желі" телефондары ұйымдастырылды.

Барлығы 346 қоңырау түскен. Демалыс күндері Жамбыл облысының құтқарушылары азаматтардың шақыруларына ден қою бойынша жедел шаралар қабылдады.

Төтенше жайдағ  министрлігі азаматтардан құтқарушылардың ұсынымдарын орындауды және дауылды ескерту болған жағдайда жолға шықпауды сұрайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале