4.03.2020, 10:28
Оқылды: 190

Төтеншеліктер Алғыс айту күніне орай дөңгелек үстел өткізді

    1 наурыз Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Мерекенің басты мақсаты – өскелең ұрпақты достыққа, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этникааралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.

totenshe (2)

Биыл елімізде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Әбу-Насыр әл Фарабидің 1150, Жеңістің 75 жылдығы, оған қоса Конституциямызға және Қазақстан халқы ассамблеясына – 25 жыл.  Ұлыларымызды ұлықтап, даналарымызды төрге оздыру – халқымыздың мерейін үстем ететін игілікті дәстүр. Осы дәстүрді жалғай отырып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Басқосуға облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы С.Ганиева, еврей этномәдени орталығының төрағасы Ф.Баюканский, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап қітапхананың кітапханашылары Ф.Айтимова және Б.Кубаева, ардагерлер ұйымының төрағасы Е.Машанов қатысты.

totenshe (1)

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігін нығайту, қоғамдық келісім, әлеуметтік ынтымақтастық пен өзара қолдау дәстүрлерін дамыту жайы кеңінен сөз болды.

Ж.Молдағалиев атындағы кітапхананың өкілдері Абай Құнанбайұлының әдеби шығармалары, Әбу-Насыр әл-Фарабидің ғылыми еңбектері, олардың шығармашылығы туралы басылымдарға шыққан материалдарды көрсетіп, презентация жасады.

Департамент бастығының орынбасары, подполковник А.Ахметжанов қызметкерлердің отансүйгіштігін арттыруға бағытталған үлгі-өнегеге толы әңгімелері үшін шақырылған қонақтарға алғыс білдірді.

А.Махимова

БҚО ТЖД КСБ бас маман-психологі

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале