16.03.2020, 11:46
Оқылды: 97

Төтеншеліктермен өткен интерактивті сабақ 

13 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Н.Мусиев облыс мектептері оқушыларының қатысуымен онлайн режимде «Балалардың отпен ойнауы» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді.

Totenshe (2)

Сабақта облысымыздың 36 білім мекемесінің 1240 оқушысы қамтылды. Интерактивтік сабақта өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау ережелері слайдтық материалдар арқылы түсіндірілді.

Totenshe (3)

Аталған тақырыптағы сабақты төтенше жағдай қызметкерлері жыл сайын жоспарға сәйкес өткізіп келеді. Мұнымен қоса, мектеп оқушыларына таныстыру және насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты жөнінде мағлұматтар айтылды. Сабақ соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кәсіби тұрғыдан жауап берілді.

БҚО ТЖД ЗҚА және АҚСББ

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале