1.07.2022, 12:00
Оқылды: 210

«Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы қорытындыланды

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үздік оқушыларының «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы қорытындыланды.

WhatsApp Image 2022-07-01 at 11.41.23

Алғашқы күні қаладағы кәсіпорындарды аралап, өндіріс орындарының ерекшеліктерімен танысқан экспедиция мүшелеріне олардың қуатын әрі қарай дамытудағы мүмкіндіктері, экономикалық дамуға қосқан үлесі, өндірістің қоршаған ортаға кері әсерін азайту мәселелері сияқты зерттеу бағыттары ұсынылды. Экспедиция мүшелері Жаңақала және Шыңғырлау аудандарында күй тартудың атақты өкілдерін зерделеп, әлемдегі ең кіші сарқырама бастауы – Қыз Әулие бұлағын өз көзімен көрді. Сонымен қатар сарқырама басында кешенді гидрологиялық зерттеу жұмысын жүргізді.

WhatsApp Image 2022-07-01 at 11.41.24
Өлкетану-зерттеу экспедициясының бесінші күнінде оқушылар қаланың архитектуралық-тарихи ерекшеліктерімен танысып, шаһардың еліміздің тарихындағы рөлі, Оралдың көрнекті жерлері, тарихтың көрнекті беттері, мәдени оқиғалар, ғылыми жаңалықтар туралы білді. Экспедицияның жабылу салтанатында зерттеу жұмысы тақырыптары бойынша сөз алған экспедиция қатысушылары тапқан тың деректерімен бөлісті. Сонымен қатар жинақтаған білімдерін интеллектуалды ойында сынап көрді.

Ал кешкісін оқушылар  «Қазақ әндері» жобасы аясында караоке-party шарасында бір сергіп қалды.

Айдана Хамидуллина,

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік

мектебінің баспасөз хатшысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале