1.06.2017, 11:46
Оқылды: 46

Түлектер еліміздің ірі компанияларына жұмысқа орналаса алады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте мәлім болды.


- Биыл «Самрұқ-Қазына» АҚ мен «Самрұқ-Қазына» корпоративтік университеті 2017 жылы бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген түлектерді «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады, - дейді «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Н.Жолдасқалиев.

Еліміз бойынша 20 түлек 22 ай ішінде еліміздің ірі компанияларынан тағылымдамадан өтеді. Тағылымдамадан сәтті өткендер «Самрұқ-Қазына» АҚ құрамындағы компанияға жұмысқа орналаса алады және әрқайсысына жеке тұлғалық даму жоспары дайындалады.

Байқауға қатысу өтініш 2017 жылғы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін www.skcu.kz/zhasorken сайтында онлайн тіркелу арқылы беріледі.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале