Қазгидромет күн болжамын жариялады. Алдағы күндері Атлант циклонының әсерінен Қазақстанның батыс өңірлерінде жаңбыр жауып, желдің күшеюі күтіледі.

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда осы күндері негізінен жауын-шашынсыз күн сақталады. Тек 30 қазан күндіз жауын-шашын солтүстікке де жетеді.
Елдің оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауып, таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал.
Күндізгі ауа температурасының көтерілуі болжанады: солтүстікте +10…+15°С, орталық пен шығыста +10…+18°С, оңтүстікте +20…+28°С дейін жылы болады.
Ал батыс және оңтүстік-шығыста аздап салқындап, +9…+17°С шамасында күтіледі.
zhaikpress.kz