24.07.2024, 11:31
Оқылды: 287

Тұңғыш Президент алаңындағы стихиялық сауда: тұлғалардың мүлкі тәркіленді

Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев құзырлы бөлім басшыларымен бірге аталған алаңда кезекті рейд жүргізді.

6539c169-a6d1-4194-954a-8a1e7a6c3bb9

Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бұрын қала әкімдігінің қызметкерлері мен полиция басқармасының өкілдері үш күн қатарынан рұқсатсыз сауда-саттық және ойын-сауық қызметін көрсетіп жатқан тұлғаларға ескерту беріп, хабарлама таратқан болатын. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала көшелерінде және қоғамдық орындарда рұқсатсыз сауда жасауға және қызмет көрсетуге тыйым салынатынын, бұл үшін арнайы орын бар екенін түсіндірді.

6293c354-7fd5-4b70-af85-3ff796246587

Алайда кейбір азаматтар бірнеше рет жүргізілген түсіндірме жұмысына қарамастан, заңсыз қызметті тоқтатпаған. Кешегі рейд барысында ескертуді елемеген тұлғалардың мүлкі тәркіленді.

zhaikpress.kz

Фото видеодан кадр

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале