7.05.2021, 11:17
Оқылды: 340

Тұрғын үй көмегі кімге тиесілі?

Елiмiзде табыс-кірісі аз отбасыларға мемлекет түрлi әлеуметтiк көмек көрсету арқылы олардың тұрмыс-тiршiлiгiн жеңiлдетуге тырысуда. Атап айтар болсақ, атаулы әлеуметтiк көмек, тұрғын үй көмегi, жәрдемақылар және мүгедектерге арналған төлемдер талай отбасына қолдау болып отыр. Бүгiн бiз тұрғын үй көмегi туралы тарқатып айтпақпыз.

5F81CE98-F5EF-4DE4-AFB6-C3A42A5E1352

Тұрғын үй көмегі белгілі бір мекенжайда тұрақты тұратын, жеке меншігіндегі немесе пайдалануындағы тұрғын үйге тіркелген (жалдаушы, жалға алушы), егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындары  отбасы бюджетінен (тұрғын үй алаңының нормалары мен коммуналдық қызметті пайдалану нормативтері шегінде, осы мақсатқа жұмсалатын шығындардан) асып кеткен жағдайда төленеді. Яғни ел аумағындағы табыс-кірісі  мардымсыз отбасыларға (азаматтарға) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген баспананың  немесе жеке тұрғын үйінің мүлкін күтіп-ұстауға, күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындарды, коммуналдық қызметтерді, телефон үшін абоненттік төлемақыны төлеуге беріледі.

Мақаланың толық нұсқасын облыстық "Орал өңірі" газетінің 7 мамырдағы  №37 санынан оқи аласыздар.

Мәлімет БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алынды

Дайындаған Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале