2.05.2024, 15:34
Оқылды: 59

Тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы жалғасады

БАҚ қызметкерлеріне арналған брифингте облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов төтенше жағдай салдарынан облыста 1321 тұрғын үйге зиян келгенін айтты. Қазіргі таңда 1208 үй техникалық тексерістен өткен. Оның 420-сы  тұруға жарамсыз деп танылған.

WhatsApp Image 2024-05-02 at 15.21.40

- Қаратөбеде 90, Сырымда 114, Теректіде 85, Бәйтеректе 7 және Бөрлі ауданында 124 үй жарамсыз деп танылды. Қазіргі таңда жоғарыда аталған аудандарда жарамсыз деп танылған тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар басталды. Атап айтқанда, салынатын жаңа тұрғын үйлердің жер учаскелері анықталып, ескі орындары бұзылып, қажетті жұмыс жүргізіліп жатыр,–деді Тілепберген Ерсайұлы.

Одан бөлек облыс әкімінің орынбасары тасқыннан зардап шеккендерге 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек (369,2 мың теңге) көрсетіліп жатқанын да атап өтті. Қазіргі таңда 1 893 отбасы 688,3 млн. теңгеге әлеуметтік көмек алған.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале