8.04.2020, 20:18
Оқылды: 44

Тұрғындар көшеге шыққанда жеке куәлігін өзімен бірге ала жүруі керек

WhatsApp Image 2020-04-08 at 18.04.22

Бұл туралы БҚО Өңірлік коммуникация қызметі ұйымдастырған онлайн брифинг барысында Орал қаласы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Жантемір Иманалиев мәлімдеді.

- Полиция қызметкерлері күн сайын рейдтік шараларды өткізеді. Қандайда бір қажеттілік үшін қала аумағына шыққан жағдайда тұлғалар жеке басын куәландыратын құжатымен қоса, жұмыс орнынан анықтама және маршруттық тізімді өзімен бірге алып жүруі керек. Осы күнге дейін төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 137 қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 59 адамға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды, - деді Жантемір Таңатарұлы.

Гүлмира Сәрсенғали

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале