18.02.2026, 12:45
Оқылды: 42

«Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтуде

2026 жылғы 16–18 ақпан аралығында Астана қаласындағы №104 Келешек мектебінде 9–13 жас аралығындағы оқушыларға арналған «Түркі әлемінің балалар ойындары халықаралық фестивалі» өтуде. Шараны Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Түркия Республикасының Білім министрлігі бірлесе ұйымдастыруда.

_gluster_2026_2_18_f4d8131efe75244acd0da30d31505b35_1280x720

Фестиваль түркі мемлекеттері арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға, дәстүрлі балалар ойындарын сақтауға және болашақ ұрпаққа насихаттауға бағытталған.
Іс-шараның негізгі мақсаттары балалар ойындарын жүйелеу, ортақ мұрағат қалыптастыру, ойындардың білім беру үдерісіндегі педагогикалық рөлін арттыру, сондай-ақ жас ұрпақтың әлеуметтік, эмоционалдық әрі мәдени дамуына қолдау көрсету.

Фестиваль аясында еліміздің 20 өңірінен келген педагогтерге арналған халықаралық семинар-тренинг өткізілуде. Қатысушылар түркі халықтарының дәстүрлі ойындарымен танысып, оларды білім беру тәжірибесіне енгізу жолдарын талқылайды. Семинар-тренинг бағдарламасында асық ату, таяқ тарту, ләңгі тебу, орамал тастамақ, сақина салу, ханталапай, тымақ ұру, бес асық және тағы басқа ойын түрлері ұсынылған.

Семинар-тренинг қорытындысы бойынша Түркия делегациясы қазақ мәдениетіне тән төрт ойынды іріктеп алады. Бұл ойындар 2026 жылғы сәуір айында Стамбул қаласында өтетін түркі елдері фестивалінде көрсетіледі. Фестиваль түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын сақтауға және халықаралық педагогикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған._gluster_2026_2_18_8f0b0fb86684572159f3858529be64c6_1280x720

Ақпарат пен фото:  Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі сайтынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале